Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жеңіс уысында еді: Қазақстанның №1 балуаны күтпеген жерден “туше” болды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.05.2025, 15:47

Қазақстан күресінің ең жарқын жұлдыздарының бірі – Әлімхан Сыздықов өз жанкүйерлерін таңғалдырды. Астанада өтіп жатқан үш күрес түрі бойынша Қазақстан Кубогының ширек финалында ол күтпеген жерден жеңіліп қалды.

ҚР ҰОК
ҚР ҰОК

Сансыз жүлделердің иесі жеңіліс тапты

Сыздықов – суперауыр салмақтағы ең үздік "классик", осы турнирдің қазіргі чемпионы. Бірақ ширек финалдағы белдесуде Қостанай балуаны Мансұр Шадукаевқа жол берді. Ең қызығы – бұл жеңіліс 3:2 есебімен алда келе жатқан сәтінде болды.

Шадукаев 2020 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері екенін ескерсек, оның Сыздықовты "туше" әдісімен жеңуі – нағыз сенсация.

Енді Әлімхан жарыстың басты жүлдесіне таласа алмайды. Ол тек үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алады.

Сәтсіздік жалғасып жатыр ма?

Бұл Сыздықовтың соңғы уақытта алғаш рет жеңілуі емес. Бұған дейін Қызылордада өткен турнирде де алтынға қол жеткізе алмай, күміс жүлдемен шектелген.

Әлімхан Сыздықов: Кәсіби жолы мен жетістіктері

  • Туған күні: 1994 жылғы 14 маусым
  • Туған жері: Шымкент
  • Спорттық атағы: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Маңызды жетістіктері:

  • Азия чемпионатының күміс жүлдегері (жасөспірімдер, 2014 - 96 кг)
  • Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2025 - 130 кг)
  • Азия чемпионы (2022 - 130 кг)
  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (2023 - 130 кг)
  • Азия ойындарының қола жүлдегері (2023 - 130 кг)
  • Әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2024 - 130 кг)
  • Олимпиада қатысушысы (Париж, 2024 – 8-орын)

Халықаралық рейтингтегі орны:

  • 10-орын – 23 000 ұпай
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір