Қазақстан Кубогы: Финалға шыққан "классиктер" белгілі. Сіздің өңірден кім бар? (ФОТО)
Бүгін Астанада үш күнге созылатын Қазақстан кубогының грек-рим күресі бойынша кезеңі басталды.
sportarena.kz
Астана төріндегі дода: былтырғы чемпион жарыстан шығып қалды
Алғашқы жарыс күні таңғы және кешкі сессия қорытындысы бойынша финалға жолдама алған балуандар есімі белгілі болды. Алайда басты жаңалықтардың бірі — былтырғы чемпион Әлімхан Сыздықовтың жарыстан тыс қалуы болды. Ол 130 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Мансұр Шадукаевқа сенсациялық түрде туше әдісімен ұтылды.
Финалға шыққан балуандар
55 кг
- Алпамыс Дастанбек (Қызылорда облысы) — Марлан Мұқашев (Астана)
60 кг
- Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) — Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы)
72 кг
- Данияр Қаленов (Солтүстік Қазақстан облысы) — Мерей Мәулітқанов (Астана)
97 кг
- Салауат Ахметқали (Шығыс Қазақстан облысы) — Юсуф Мациев (Қостанай облысы)
130 кг
- Ақарыс Бердашов (Алматы облысы) — Мансұр Шадукаев (Қостанай облысы)
Чемпиондық белдесулер ертең, сағат 18:00-де басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet