Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақ боксшы Джалоловты екі рет нокдаунға жіберді

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 14:11

Бокстан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қытай құрамасы сапындағы этникалық қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан финалға шықты.

vesti.kz
vesti.kz

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Таңатхан өзбекстандық Самандар Джалоловпен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта төрешілер Джалоловтың басымдығын мойындап, 5:0 есебін тіркеді. Алайда бұл Таңатханды тоқтата алмады. Екінші және үшінші раундтарда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, кездесудің бағытын толықтай өзгертті.

Нәтижесінде барлық төрешінің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, турнир финалына жолдама алды.

Азия ойындарының чемпионы, әлемдік аренаның үміті

Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатқан 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оның бұл жеңісі алдағы Олимпиада ойындары қарсаңында басты қарсыластарға берілген нақты белгі.

"Тоқтарбек бұл жекпе-жекте жігер мен төзімділіктің тамаша үлгісін көрсетті. Қарсыласынан бірінші раундта ұтылғанына қарамастан, керемет қарқынмен қайтарып, жеңіске жетті", – деп бағалады жаттықтырушылар штабы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 44
👎 2
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір