Қазақстандық боксшы әлем чемпионын тізе бүктірді

Сарапшы, спорт журналисі

Виктория Графеева Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің алтын жүлдесіне ие болды.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын тізе бүктірді
NUR.KZ

Графеева финалдық жекпе-жекте 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2023 жылғы әлем чемпионы, Қытайдың үкілеген үміті Ян Ченьюмен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде отандасымыз төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Графееваның алтын жорығы

Бұл жеңіс арқылы Виктория Графеева халықаралық ареналардағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Ол осыған дейін 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген еді. Енді міне, Азиядағы беделді доданың бас жүлдесін қанжығасына байлап, өзінің спорттық мансабындағы жаңа белесті бағындырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір