Қытай үмітін күл-талқан етті! Наталья Богдановадан шеберлік сабағы

Сарапшы, спорт журналисі

Наталья Богданова Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирінде Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль салды.

Қытай үмітін күл-талқан етті! Наталья Богдановадан шеберлік сабағы
NUR.KZ

Қытай боксшысын таза ұтты

Финалдық жекпе-жекте 70 келі салмақта Қытай өкілі Чжао Чуньюуаньмен кездескен Богданова айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті. Шаршы алаңда қазақстандықтың басымдығы еш күмән тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бір ауыздан соған берді.

Азия чемпионы енді халықаралық аренаны бағындыруда

2024 жылы Азия чемпионы атанған Наталья биылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созды. Енді ол тағы бір маңызды белесті бағындырып, халықаралық турнирде өз мықтылығын дәлелдеді.

Қазақстан құрамасы финалдарда жарқырап тұр

Қазақстандық боксшылардың бұл турнирдегі табысы мұнымен шектелмейді. Бұған дейін алтын медаль еншілегендер:

  • Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • Диас Молжігітов (80 кг)
  • Виктория Графеева (60 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір