Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бангкоктағы шайқастар: Қазақстан боксшылары алтын үшін жан алысып, жан берісті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.06.2025, 16:30

Қазақстан құрамасы Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалдық күнінде жеті жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жетіп, турнирді жарқын нәтижемен аяқтады.

instagram/@officialasianboxing
instagram/@officialasianboxing

Төрехан Сабырхан – ерік-жігер мен мінездің көрінісі

70 келі салмақта шаршы алаңға бірінші болып шыққан Төрехан Сабырхан алғашқы раундта өзбекстандық Мұхаммадозизбек Исмоиловқа 1:4 есебімен жол берді. Бірақ екінші және үшінші раундтарда бар күшін жиып, екеуін де 5:0 есебімен ұтып, жалпы жеңісті жұлып алды. Бұл жекпе-жек – мінезі мықты спортшының айқын дәлелі.

Диас Молжігітов – этникалық қандасын жеңді

80 келіде өнер көрсеткен Диас Молжігітов Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының есебіндегі алтындардың бірі болды.

Виктория Графеева – әлем чемпионын тізе бүктірді

60 келі салмақта сынға түскен Виктория Графеева 2023 жылғы әлем чемпионы Ян Ченьюмен шайқасып, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл жекпе-жек турнирдің ең әсерлі кездесулерінің бірі саналды.

Наталья Богданова – қарсыласын күйрете жеңді

70 келі салмақ дәрежесінде рингке шыққан Наталья Богданова Қытайдан келген Чжао Чуньюуаньды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Оның техникасы мен жылдамдығы қарсыласқа мүлде мүмкіндік қалдырмады.

Надежда Рябец пен Гүлсая Ержан – сәтсіз финал

75 келіде жұдырықтасқан Надежда Рябец өзбекстандық Азиза Зокироваға 1:4 есебімен есе жіберді. Ал 80 келіде шаршы алаңға шыққан Гүлсая Ержан Қытай боксшысы Ван Сяоменге қарсы жекпе-жекте нокдаунға түсіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Елдана Тәліпова – нокдаунмен келген жеңіс

80+ келі салмақтағы айқаста Елдана Тәліпова Үндістан өкілі Киранға қарсы екі мәрте нокдаун жасап, 3:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Бұл кездесу – нағыз драмаға толы болғанымен, қазақстандық жанкүйерлер үшін қуанышпен аяқталды.

Ұлттық құрама бапкері Нұржан Қондыбаев жарысты қорытындылады. Видеосы төменде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір