Қазақстанның ең сұлу боксшысының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген Балауса Мұздыман өзінің кезекті — сегізінші жекпе-жегін өткізді. Бұл жолы ол египеттік боксшы Ая Рамаданға қарсы кездесуді нокаутпен аяқтады.
instagram/@muzdi__
Алматыдағы жарқын жеңіс
Жекпе-жек Алматыда өтті. Алғашында бұл кездесу "Алматы Аренада" All Stars Boxing кеші аясында өтуі тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар кештің кейінге шегерілгенін хабарлады. Соған қарамастан басқа промоутерлік компанияның қолдауымен жекпе-жек өткізілді.
Нокаут – кәсіби деңгейдің көрсеткіші
Мұздыман жекпе-жекті сенімді бастады. Қарсыласына еш мүмкіндік бермей, басымдықпен шабуылдады. Екінші раундта-ақ жеңісті өз пайдасына шешті. Бұл — оның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі және қатарынан бесінші нокауты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet