Руслан Мәдиевтің Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев кезекті жекпе-жегін Испанияда өткізді. Льорет-де-Мар қаласындағы бокс кешінде отандасымыз мексикалық қарсыласы Хорхе Баталья Мартинеспен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек спорт жанкүйерлері үшін тосын нәтижемен аяқталды.

Руслан Мәдиевтің Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)
instagram/@madiyevr

Он раундтық текетірес — әділ шешім бе?

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Қос боксшы да соңына дейін айқасып, кездесуді толығымен аяқтады. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша тең есеп тіркелді. 

Чемпиондық белбеу иесі — Мәдиев

Айта кетейік, Руслан Мәдиев бұған дейін WBA Asia тұжырымы бойынша чемпион атанған. Ол атақты титулды 2024 жылы филиппиндік боксшы Али Канегаға (11-2-1, 7 KO) қарсы өткен жекпе-жекте еншісіне жазды.

Мәдиевтің қазіргі көрсеткіші — 17 жеңіс (5 нокаут), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Мартинестің де статистикасы айтарлықтай — 11 жеңіс, оның жетеуі нокаутпен, 5 жеңіліс және 1 тең есеп.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір