Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ҚБФ: Өзбекстан Астанадағы World Boxing турниріне қатысады

Редактор Penalty.kz
08.06.2025, 05:28

Турнирге 23 елдің былғары қолғап шебері келеді. 

gazeta.uz
gazeta.uz

Астанада 30 мамыр мен 7 маусым аралығында өтетін World Boxing турниріне Өзбекстан құрамасы да қатысады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов "Бірінші бол" YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бұған дейін күмән болған

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген Telegram-арнасында өзбекстандық боксшылардың турнирге қатыспауы мүмкін екенін жазған. Бұл мәлімдеме спорт жанкүйерлері арасында үлкен сұрақ туындатқан.

Ақшалов: "Өзбекстан міндетті түрде келеді" 

Мерей Ақшалов сұхбат барысында қатысушы елдер тізімін нақтылады:

"Қазір 23 ел өзінің қатысатынын растады. Турнирге мықты боксшылар келеді. Көптеген қызықты жекпе-жектер күтіп тұр. Ағылшындар, бразилиялықтар, голландиялықтар, канадалықтар және көршілес мемлекеттер спортшылары рингке шығады", — деді ол.

Өзбекстан жайлы нақты сұрақ қойылғанда Ақшалов:

"Өзбекстан да келеді. Олар жақын ғой", — деп қысқа да нұсқа жауап берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір