
IBA президенті Умар Кремлев 2028 жылдан бастап жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өсетінін мәлімдеді.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алдағы әлем чемпионатында жүлде қорын бірнеше есе арттырады. Бұл туралы ұйым президенті Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды sports.kz.
Умар Кремлевтің айтуынша, енді әуесқой бокстан әлем чемпионатында жүлде қоры 5 миллион доллардан 25 миллион долларға дейін өседі. Жаңа жүйе бойынша:
«Әуесқой бокста әлем чемпионатының жүлде қоры 5 миллион доллардан асады. 2028 жылы ол 25 миллион долларға жетеді. Чемпион 1 миллион алады. Төртінші және бесінші орын иелеріне де марапат беріледі», – деді Умар Кремлев.
2023 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті:
Бұл көрсеткіш Қазақстанды әлемдік деңгейдегі бокстағы жетекші елдердің бірі ретінде дәлелдеді. Енді алдағы чемпионаттарда тек спорттық емес, қаржылық мотивация да жоғары болмақ.