Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

АҚШ-та "Даңқ аллеясында" пайда болған қазақстандық боксшының есімі кім? Бұл Головкин емес (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
10.07.2025, 10:35

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, жас боксшы Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелеске барып, әйгілі "Даңқ аллеясында" түскен суреттерін жариялады. 

instagram/@tashkenbay_sanzhar
instagram/@tashkenbay_sanzhar

Мұхаммед Әлидің жұлдызы жанында

Санжар Instagram парақшасында аңызға айналған америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің жұлдызы алдында түскен суретін жүктеген. Тағы бір кадрда Тәшкенбайдың есімі жазылған уақытша жұлдыз көрінеді. Бұл – туристер арасында кең таралған ерекше фотоқызмет, оны аллеяны тамашалауға келгендер жиі пайдаланады.

"АҚШ-тың ең танымал көшелерінің бірінде өз атың жазылған жұлдызды көру – рух пен мотивация береді", — деп жазды боксшы.

Тәшкенбай – әлемдік аренадағы алтын иегері

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай Астанада өткен бокстан әлем кубогында 50 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол ел спортын халықаралық деңгейде танытып жүрген жас чемпиондардың бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 11
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір