Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына дайын: Таиландқа кімдер барады? (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
21.07.2025, 11:45

Бокстан Қазақстанжастар құрамасы Азия чемпионатына тас түйін дайын. Құрлықтық дода 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкокта өтеді.

offside.kz
offside.kz

Азия чемпионаты: басты мәліметтер

U22 және жастар арасындағы бұл чемпионат World Boxing ұйымының бастамасымен өтеді. Бұл – Азия құрлығындағы жас таланттар үшін ең маңызды турнирлердің бірі.

2025 жылдың мамыр айында Қазақстан құрамасы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) аясында Шри-Ланка астанасы Коломбодағы жастар арасындағы чемпионатқа да қатысқан. Енді боксшыларымыз жаңа ұйымның турнирінде ел намысын қорғайды.

Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді?

Қазақстан U22 құрамасы Азия чемпионатында келесі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынайды:

  • 50 кг – Нұрзат Оңғаров
  • 55 кг – Бексұлтан Боранбек
  • 60 кг – Нұрислам Қалдыбаев
  • 65 кг – Илья Калинин
  • 70 кг – Нұрбек Мұрсал
  • 75 кг – Аман Қонысбеков
  • 80 кг – Санжаралы Бегалиев
  • 85 кг – Азатбек Жолдасхан
  • 90 кг – Темірлан Мұқатаев
  • +90 кг – Нұрасыл Асылхан

Бұл жігіттер – өз салмағында елдегі мықты жас боксшылардың қатарына енген таланттар. Олардың көпшілігі халықаралық жарыстарда тәжірибе жинап үлгерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір