Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Азия чемпионатына бару үшін несие алуға тура келді" – жас балуандар құрамасындағы дау жайлы не белгілі?

Редактор Penalty.kz
21.07.2025, 13:54

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасында қаржылық қиындықтарға байланысты даулы жағдай болды. Жаттықтырушы Айдын Сәрсекеев Азия чемпионатына жеке қаражатымен барғанын мәлімдеді.

Qaz365.kz
Qaz365.kz

“Қаржы тапшылығынан спортшыны қалдырып кетпеу үшін…”

Sportbugin.kz порталының жазуынша, грек-рим күресінен U20 құрамасының бапкері Айдын Сәрсекеев Бішкекте өткен Азия чемпионатына бару үшін банк несиесін рәсімдеуге мәжбүр болған.

“Маған Олимпиадалық даярлау орталығы барлық балуандарды апаруға қаражат жетпейтінін айтып, бір спортшыны тізімнен алып тастауымды сұрады. Бірақ бапкер ретінде бір балуанды сыртта қалдыруға дәтім бармады. Сол себепті өзіме бөлінген қаржыны сол спортшыға бердім”, – дейді Сәрсекеев.

Ол өз есебінен жол шығынына, жатын орын мен тамаққа шамамен 480 мың теңге жұмсағанын, ал бұл сома үшін 500 мың теңге көлемінде кредит алғанын жеткізді.

“Чемпионаттан кейін барлық шығынды құжатпен растадым. Ұйым бұл қаражатты қайтаратынын айтты”, – дейді жаттықтырушы.

Спорттық форма болмаған – марапаттау рәсіміне “жамау-жасқаумен” шыққан

Тағы бір назар аударатын мәселе – командаға бірыңғай спорттық киімнің берілмеуі. Жарысқа әркім өзіндегі ескі формамен қатысқан.

“Азия чемпионатына дайын форма болмады. Әлем чемпионатына дейін дайын болады деп сендірді. Бірақ Бішкекте марапаттау рәсіміне бір-біріміздің формамызды киіп шығуға тура келді. Бір сөзбен айтқанда, ала-құла күйде жүрдік”, – дейді Сәрсекеев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір