Ел күткен Төрехан Сабырхан тізімде жоқ. Сәрсекбаевтың шешімі жанкүйерлерді таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстан U-22 құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын боксшылар тізімін жария етті. Бірақ көпшілік күткен Төрехан Сабырхан бұл жолы құрамға енбей қалды.

Ел күткен Төрехан Сабырхан тізімде жоқ. Сәрсекбаевтың шешімі жанкүйерлерді таңғалдырды
ozgeris.info

Азия чемпионаты қарсаңындағы соңғы дайындық

U-22 құрамасы таяуда Ыстықкөлде Қырғызстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген. Бақыт Сәрсекбаев бұл дайындық барысында әр салмақта ашық спаррингтер ұйымдастырылғанын айтты:

“Командада бәсеке өте жоғары деңгейде өтті. Құрамға енген әр боксшы Таиланд рингінде медаль үшін күресуге дайын. Бұл жолы ұлттық құрама боксшылары да жас құрамда болды”, – дейді бапкер.

Сабырхан – тарихтағы төрт дүркін чемпион, бірақ…

Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азияны төрт рет ұтқан алғашқы қазақстандық боксшы. Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов Сабырханның чемпионатқа қатысуы мүмкін екенін айтқан еді.

Алайда соңғы құрамда оның есімі жоқ. Бұл шешім бокс жанкүйерлерінің арасында қызу талқыланып жатыр.

Құрамдағы өзгерістер: үш таныс есім қалды

Шри-Ланкада өткен соңғы чемпионатта Сәрсекбаевтың командасы 10 алтын, 2 күміс медаль алған болатын. Алайда бұл жолы құрам түбегейлі жаңартылды. Бұрынғылардан тек Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Аман Қонысбеков (75 кг) және Азатбек Жолдасхан (85 кг) бар. 

2025 жылғы U-22 және жастар арасындағы Азия чемпионаты 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді. Турнирге 25 елден 396 боксшы (оның ішінде 237 ер, 159 әйел) қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір