
Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс UFC-дің әйгілі The Ultimate Fighter 33 шоуының финалына өтті. Ол жартылай финалда қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter 33 реалити-жобасының финалына шықты. Жартылай финал аясында аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен Ыыдырыс Венесуэла өкілі Ройберт Эчеверрианы бірінші раундта тізесімен ұрып, нокаутқа түсірді.
Бұл әсерлі жеңіс Әлібиге финал жолдамасын сыйлады. Енді ол Иммануэль Родригес пен Джозеф Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Әліби Ыдырыс бұған дейін ширек финалда өзбекстандық Фурқатбек Йоқубовты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, өз мықтылығын дәлелдеген еді. Жекпе-жек барысында ол техникалық дайындық пен тактикалық артықшылығын толық көрсетті.
The Ultimate Fighter жобасында Идрис UFC-дің бұрынғы чемпионы Даниэль Кормьенің командасын таныстыруда. Бұл шоу UFC-ге кіру жолындағы басты мүмкіндік саналады. Финалдың жеңімпазы промоушенмен эксклюзивті келісімшартқа қол қояды және кәсіби ММА әлемінде жаңа белеске көтеріледі.