Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшы Канелоға қарсы шықпақ

Редактор Penalty.kz
23.07.2025, 12:29

Әлеуметтік желіде жарияланған бір ғана сөз жанкүйерлер арасында үлкен айқастың бастамасы ретінде қабылданды.

Zakon.kz
Zakon.kz

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі мақсат ретінде мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альваресті нысанаға алып отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында ашық білдірді.

Адамес үнсіз қалды, Жәнібек бағыт өзгертті

Бұған дейін Жәнібек өз салмағындағы тағы бір чемпион – Карлос Адаместі жекпе-жекке ашық түрде шақырған болатын. Алайда, бірнеше айға созылған үндеулер нәтижесіз аяқталды. Адамес қандай да бір нақты жауап беруден бас тартып, келісімшартқа қол қоймады. Осыдан кейін Жәнібек назарын жаңа деңгейге – Канелоға бұрды.

Әлеуметтік желідегі үнсіз месседж

Жәнібек Instagram парақшасына Канело бейнеленген коллаж жариялап, астына қысқа әрі нұсқа «My goal» (Менің мақсатым) деп жазды. Бұл жазба жанкүйерлер мен сарапшылар тарапынан болашақта екі чемпион арасындағы үлкен айқастың алғашқы сигналы ретінде қабылдануда.

Екі чемпион – екі бағыт

  • Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгіні бесінші раундта нокаутпен жеңді. Қазіргі таңда ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсыластардың бірі саналады.
  • Сауль «Канело» Альварес – төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған және бүгінгі бокстағы ең танымал есімдердің бірі. Ол The Ring, ESPN рейтингтерінде үздік үштік қатарында тұр. Канелоның келесі жекпе-жегі 2025 жылғы 13 қыркүйекте Лас-Вегастағы Allegiant Stadium аренасында өтеді. Қарсыласы – Теренс Кроуфорд.

Кәсіпқой бокс жанкүйерлері Кроуфордпен жекпе-жектен кейін, Канело мен Жәнібек арасындағы титулдық кездесу өтуі мүмкін деп болжайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір