
Немістер мен америкалықтарды айқын басымдықпен жеңген отандастарымыз енді финал жолдамасына таласпақ. Ал ерлер құрамасы алғашқы айналымда Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, жарыстан тыс қалды.
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиадада Қазақстанның таэквондо құрамасы алғашқы белдесулерін өткізді. Әйелдер құрамасы қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал ерлер құрамасы өкінішке қарай, жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстан әйелдер құрамасы 1/16 финалда Германияны 2:0 есебімен ұтты. Одан кейін АҚШ командасымен кездесіп, тағы да 2:0 нәтижесімен айқын басымдық көрсетті.
Жартылай финалдағы қарсылас әзірге анықталған жоқ, алайда ұлттық құрама финал жолдамасына күресуге бір қадам жақындады.
Қазақстанның ерлер құрамасы 1/16 финалда Оңтүстік Кореямен кездесті. Қарсылас мықты болғанымен, отандастарымыз лайықты қарсылас атанды. Дегенмен, 1:2 есебімен жеңіліске ұшырап, жарыс жолын ерте аяқтады.