
26 шілдеде Нью-Йоркте өтуі тиіс болған жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды.
АҚШ-тың беделді промоутерлік ұйымы Top Rank өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 KO) пен италиялық Джанмарко Кардилло (12-1-2, 2 KO) арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін ресми түрде жариялады.
Top Rank әлеуметтік желідегі ресми парақшасында былай деп хабарлады:
"Ауыр салмақтағы Баходир Джалолов пен Джанмарко Кардилло арасындағы жекпе-жек тоқтатылды. Кардилло медициналық себептерге байланысты бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды".
Джалолов пен Кардилло арасындағы айқас 26 шілде күні Нью-Йоркте өтуі керек болған. Бұл кездесу Баходир үшін халықаралық аренадағы маңызды қадамдардың бірі болуы тиіс еді.
Айта кетейік, Джалолов өзінің соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізген. Ол кезде украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 KO) бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіп шыққан болатын.