Қазақстан – Өзбекстан ММА жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Шымкенттегі Alash Pride 110 турнирінде қазақстандық ММА жауынгері Ерзат Орынбек (1-0) өзбек файтері Бекмурод Исмоиловпен кездесті. 

Қазақстан – Өзбекстан ММА жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
instagram/@erzat_orinuly

Бірінші раундтағы шешуші соққылар

Бекмурод Исмоилов үшін бұл кәсіби ММА-дегі алғашқы жекпе-жек болса, Орынбек кездесуді өз пайдасына өте сенімді түрде аяқтады. Жеңіл салмақта жоспарланған үш раундтық айқас бірінші раундтан аспай қалды:. 

Ерзат қарсыласының басына бірнеше жойқын соққы жасап, оны есінен тандырды. Жерге түскен Исмоиловты Орынбек партерде қосымша соққылармен тоқтатты.

Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық спортшыға берді. Нокаут сәтін төмендегі видеодан көруге болады.

Ерзат Орынбектің кәсіби көрсеткіші

Бұл жеңіс арқылы Ерзат Орынбек кәсіби ММА-дегі екінші жеңісіне жетті. Ал өзбек файтері Бекмурод Исмоилов алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліс дәмін татты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір