Хабиб Нурмагомедовке жекпе-жек үшін 40 миллион доллар ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC даңқты спортшысы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің октагонға оралуы екіталай. Бұл туралы америкалық UFC жұлдызы Даниэль Кормье мәлімдеді.

Хабиб Нурмагомедовке жекпе-жек үшін 40 миллион доллар ұсынылды
vedomosti.ru

“40 миллион доллар ұсынылса да, Хабиб келіспеді”

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы спорттық мансабын аяқтап, UFC жеңіл салмағындағы чемпиондық белбеуін босатқан еді.

Даниэль Кормье, UFC аңызы:
“Хабибтің қайта оралуы мүмкін бе? Ол маған 40 миллион долларлық ұсыныс алғанын айтты. Бірақ соған қарамастан «жоқ» деді. Егер осындай сомаға да келіспесе, демек, ол енді ешқашан қайтып келмейді”, – деді Кормье Шеннон Шарпқа берген сұхбатында.

Хабибтің рекорды

Даңқты файтер кәсіби ММА-де 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бұл көрсеткіш оны UFC тарихындағы ең мықты спортшылардың бірі ретінде танытты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір