Қазақстандық дзюдошылар 5 медальмен бестікке іліне алмады

Сарапшы, спорт журналисі

Ал көршілес Өзбекстан құрамасы бес алтынмен топ жарды.

Қазақстандық дзюдошылар 5 медальмен бестікке іліне алмады
olympic.kz

Болгария астанасы Софияда өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды. Ұлттық құраманың еншісінде — бір алтын, бір күміс және үш қола медаль.

Чемпиондар мен жүлдегерлер

  • Ернұр Батырғали (60 кг дейін) — әлем чемпионы
  • Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг дейін) — күміс жүлде
  • Арман Мыса (50 кг дейін) — қола жүлде
  • Ролан Қайырғали (66 кг дейін) — қола жүлде
  • Әділжан Жаудинов (+90 кг) — қола жүлде

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 6-орыннан көрінді.

Өзбекстан – үздік команда

Жарыста басты сенсацияны Өзбекстан құрамасы жасады. Олар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Қазақстан дзюдошылары алғашқы бестікке ілікпегенімен, жас спортшылардың көрсеткен нәтижесі ел қоржынына сүбелі үлес қосты. Ал көршілес Өзбекстан жасөспірімдер арасындағы дзюдода әлемдік көшбасшы екенін дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір