
Өзбекстан ұлттық құрамасы алдағы бокстан әлем чемпионатына қатысатын тізімді ресми түрде жариялады. Бұл чемпионат тарихта алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтеді. Дода 4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді.
Өзбекстан құрамасының сапында Париж Олимпиадасының 2024 жылғы екі чемпионы бар:
Абдумалик Халоков (60 кг),
Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг).
Бұл боксшылар алдағы чемпионатта басты фавориттердің қатарында саналады.
Айта кетейік, Ливерпульде өтетін тарихи додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да қатысады. Бұл жарыс екі ел арасындағы бәсекелестікті одан әрі қыздыра түсетіні анық.