
Қазақстан U-22 құрамасының бас бапкері, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Парижде өткен Олимпиада-2024 ойындарындағы қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнерін сынға алды.
Ол бұл туралы «Sport Talks Podcast» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Біз Парижде көрдік: ұлттық құраманың көптеген бірінші нөмірлі боксшылары алғашқы жекпе-жектерінде-ақ жеңіліп қалды. Неге бұлай болды? Себебі – функционалдық дайындық жоқ. Физикалық форма әлсіз, жалпы дайындық та жеткіліксіз болды. Сол үшін де осындай нәтиже тіркелді. 2016 жылдан кейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтен соң, бізде сегіз жылдық құлдырау жүріп жатыр. Бұл – екі олимпиадалық цикл», — деді Сәрсекбаев.
Қазақстан құрамасы Парижде небәрі бір жүлде алды. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) күміс медаль иеленді.
Ал Өзбекстан құрамасы нағыз сенсация жасап, бірден бес алтын медаль олжалады:
Бұл көрсеткіш Орталық Азияда бокстағы көшбасшылықтың Өзбекстанға ауысқанын айқын көрсетті.