
Қырғызстанда алдағы күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларға үлкен сый жасалмақ. Ел билігі чемпион болған балуандарға жаңа пәтер беруді жоспарлап отыр.
Жогорку Кенеш депутаты Бақыт Тентишев бұл жаңалықты ресми түрде жария етті.
«Бұл бастама – біздің спортшыларға зор мотивация. Әлемдік аренада Қырғызстанның атын шығарып жүрген балуандарға қолдау көрсету өте маңызды. Осындай ынталандыру олардың соңына дейін күресіп, ел үшін тарихи жеңіске жетуіне қосымша күш береді», — делінген Қырғызстан күрес федерациясының хабарламасында.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты биыл 13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында өтеді. Бұл дүбірлі додада Орталық Азия елдерінің балуандары да жоғары нәтижеге таласпақ.