Танымал қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов ресейлік промоутер Камил Гаджиевке ашық үндеу жасады.
Хамитов UFC-дің бұрынғы жауынгері Зубайра Тухуговпен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келеді.
Instagram парақшасында файтер ресейлік Fight Night Global промоушенының басшысына тікелей жолдауды жариялады:
«Камил Гаджиев, сен Зубайрамен бірге жүр екенсің деп естідім. Солай болса, Қуат Хамитов пен Зубайра Тухугов — ең шулы бокс жекпе-жегі», — деп жазды қазақстандық спортшы.
Хамитов пен Тухугов 2013 жылы Alash Pride турнирінде октагонда кездескен. Сол кезде жеңісті судьялардың бөлек шешімімен ресейлік файтер иеленген. Енді қазақстандық спортшы реванштың басқа форматта өтуін қалайды.

Зубайра Тухугов UFC Даңқ залының мүшесі Хабиб Нурмагомедовтің жақын досы ретінде белгілі. Оның айтуынша, олардың достығы 2015 жылы АҚШ-та берік қалыптасқан — сол кезде Хабиб салмақ қуу кезінде оны қолдау үшін арнайы барған.
2024 жылы Тухугов Нурмагомедовтің бір кездері өзінің UFC-ға қайта оралуына қол жеткізу үшін тіпті контрактісін қатерге тіккенін айтқан. Сонымен қатар, Тухугов 2019 жылы Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы атышулы төбелеске қатысқаны үшін АҚШ билігі тарапынан айыппұл салынған болатын.
Ал 2025 жылдың сәуірінде Тухугов Хабиб және Ислам Махачевпен 5 миллион рубльге бәс тігіп, салмағын 82 келіге дейін түсіруге міндеттенген еді.