Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жазалауды сұрады

Сарапшы, спорт журналисі

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара өзінің жоспарланған қарсыласы — WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен өте алмағаннан кейін оған қатысты санкциялар қолданылуы керек деп санайды.

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жазалауды сұрады
Сурет: ашық дереккөздерден

7 желтоқсан күні Сан-Антониода (АҚШ) өтуі тиіс болған Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара арасындағы титулдық айқас допингке қатысты жанжалдан кейін өтпейтіні жарияланған еді. VADA өткізген допинг-тесттің бір сынамасынан мельдоний табылып, Әлімханұлы кардтан шығарылды. Осыған байланысты ұйымдастырушылар Лараға шұғыл түрде жаңа қарсылас іздеп тапты. Ол - Венесуэла боксшысы Йохан Гонсалес. 

"Меніңше, ол жазалануы тиіс. Ол допинг-тестен оң нәтиже көрсетті — 32 жастағы жігіт 42 жастағы қарсыласымен жекпе-жекке шығар алдында «дәрі қабылдап жүрген». Ол жазаны лайық деп ойлаймын", — деді Лара америкалық журналистерге берген сұхбатында.

Одан бөлек кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы енді айтқысы келмейтінін алға тартты:

«Мен үшін қарсыластың кім екені маңызды емес. Біз тамаша дайындалдық. Оның (Жәнібектің) атын атағым да келмейді — бұған лайық емес. Мен тек жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін», — деді Лара.

«Мен тек алға жылжимын. PBC ұйымы маған 7 желтоқсанда рингке шығуға мүмкіндік берді — соған қуаныштымын. Ал Жәнібек туралы… Бұл жерде оның есімін атаудың да қажеті шамалы. Ол жай ғана нақұрыс», — деді кубалық чемпион.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір