ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Шавкат Рахмоновқа UFC-дің экс-чемпионы келісім берді

Бұл туралы атышулы менеджер Әли Абдель-Азиз хабарлады.

Шавкат Рахмоновқа UFC-дің экс-чемпионы келісім берді
sportilinet.kz

UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын болған. Бұл туралы атышулы менеджер Әли Абдель-Азиз хабарлады.

Әли Абдель-Азиздің айтуынша, Усман–Рахмонов жекпе-жегі өткен жылдың қараша айында талқыланған. АҚШ жұлдызы ұсынысты қабылдағанымен, кездесу жүзеге аспай қалған.

«Көп адам білмейді, бірақ өткен жылдың қарашасында Камаруға Шавкатпен жекпе-жек ұсынылды. Камару бұл кездесуге келісім берді. Ал Шавкатқа не болғанын білмеймін. Әрине, жарақат алған болуы мүмкін немесе басқа жағдай болған шығар».

Шавкат Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Осыдан кейін «Номад» ұзақ уақыт бойы жарақатын емдеп жүрді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.