Бокстан ӘЧ: Бүгін үш отандасымыз жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының үш боксшысы 7 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында рингке шығады.

Бокстан ӘЧ: Бүгін үш отандасымыз жұдырықтасады
olympic.kz

Оразбек Асылқұлов – кештің алғашқы жекпе-жегі

Күндізгі сессияда бірінші болып 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шығады.

  • Басталуы: 18:00, Қазақстан уақытымен
  • Қарсыласы: Кабо-Верде елінің боксшысы Элизандру Саншеш да Силва

Ертуған Зейнуллинов – моңғол қарсыласымен түнгі айқас

Кешкі сессия Астана уақытымен 22:00-де басталады. Осы бағдарлама аясында 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Ертуған Зейнуллиновтың жекпе-жегі түнгі уақытта өтеді.

  • Шамамен басталу уақыты: 23:45
  • Қарсыласы: Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэл

Абылайхан Жүсіпов – түнгі басты жекпе-жек

Қазақстан жанкүйерлері ерекше күтетін айқастардың бірі – 71 келіге дейінгі салмақтағы тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі. Ол кештің соңына қарай рингке көтеріледі.

  • Шамамен басталуы: 00:45
  • Қарсыласы: Армения өкілі Арарат Арутюнян
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір