Қазақстандық ММА жауынгері Дамир Ысмағұловтың келесі айқасы ресми түрде жарияланды. Танымал файтер 17 желтоқсанда Ресей астанасы Мәскеуде октагонға емес, грэпплинг ережесіне жақын форматта – джиу-джитсу жекпе-жегіне шығады.
Ысмағұлов ACBJJ 20 турнирінде өнер көрсетеді. Ол партердегі шеберлікке басымдық берілетін файтерлік джиу-джитсу қағидалары бойынша жекпе-жек өткізеді.
Оның қарсыласы – тәжірибелі бразилиялық спортшы Глейсон Тибао. Жекпе-жек 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жоспарланған.
Дамир Ысмағұловтың аралас жекпе-жектердегі (ММА) соңғы айқасы биыл мамыр айында өтті. Ол Alash Pride 108 турнирінде бразилиялық файтер Алан Патрикпен (15-5) кездесіп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
ММА-карьерасындағы көрсеткіші 27 жеңіс – 3 жеңіліс (27-3).
Болашақ қарсыласы Глейсон Тибао да аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне жақсы таныс есім. Оның профи-ММА-дағы рекорды 39 жеңіс – 19 жеңіліс (39-19).
ACBJJ 20 турниріндегі Исмагулов – Тибао айқасы жанкүйерлер үшін тактикалық күреске толы, партердегі тартысқа негізделген жекпе-жек болмақ.