Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық боксшы ӘЧ алғашқы жекпе-жегінде үстемдік танытты

Сарапшы, спорт журналисі

Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы айқасын сенімді жеңіспен бастады. 

Қазақстандық боксшы ӘЧ алғашқы жекпе-жегінде үстемдік танытты
NUR.KZ

5:0 есебімен жарқырады

Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финал кезеңінде Кабо-Верде елінің өкілі Элисандру Санчес да Силвамен жұдырықтасты.

Қазылар бірауыздан қазақстандық боксшының басымдығын мойындады. 

Осы жеңістің арқасында Асылқұлов келесі айналымға жолдама алды. Ал Санчес да Силва әлем чемпионатындағы жорығын дәл осы кезеңде аяқтады.

IBA әлем чемпионаты: жүлде қоры мен мерзімі

IBA ұйымдастырған бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері мынадай:

  • Әлем чемпиондары – 300 мың доллар;
  • Күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар;
  • Қола жүлдегерлер – 75 мың доллар;
  • Ширек финалға дейін жеткендер – 10 мың доллардан алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір