ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақтың жеңісі ұрланды — IBA мен Кремлев ұятқа қалды

Жанкүйерлер IBA-ны жерден алып, жерге салды.

Қазақтың жеңісі ұрланды — IBA мен Кремлев ұятқа қалды
NUR.kz

Нокдаун болды, бірақ жеңіс берілмеді

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы даулы жекпе-жегін бастан кешті.

80 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан Ерасыл Жақпеков ресейлік Джамбулат Бижамовты жекпе-жек барысында нокдаунға жіберді. Соған қарамастан кездесу соңында қазылар шешімімен қазақстандық боксшы 1:4 есебімен жеңілді.

Ресми хаттама бойынша жеңіс ресейлік боксшыға жазылды, ал Жақпеков турнирден шығып қалды.

Instagram-да жарылған ашу: «IBA – ұят!»

Даулы шешімнен кейін қазақстандық жанкүйерлер ашуын әлеуметтік желіден шығарды. Пікірлердің басым бөлігі төрешілік пен IBA-ға бағытталды.

Жанкүйерлердің арасында мынадай пікірлер көп кездесті (мазмұны бойынша):

  • «Турнирдің қожайыны да, ықпалы да – Ресей. Бәрі солардың пайдасына жұмыс істеп тұр»
  • «Боксқа – ұят. Мұндай төрелік спортты өлтіреді»
  • «Жақпеков бүкіл жекпе-жек бойы бірінші нөмірмен жұмыс істеді, үнемі прессинг. Бұл жерде қазақ жеңгені анық еді. Жеңісті тартып алды ғой»
  • «Бұл – IBA ғой. Таңғалатын ештеңе жоқ. Әдеттегі сценарий»
  • «АИБА президенті Кремлев Ресейді қолдап отыр, өз жігіттерін сүйреп әкетуде. 2 және 3-раунд Ерасылдікі еді»
  • «Біздің боксшыларды қасақана “құртады”, өздері ғана алтын алсын деп отыр»
  • «Бүкіл команда болып турнирден бас тартып, кетіп қалған да дұрыс сияқты»
  • «IBA өзгермейді екен. Тағы да ұят төрелік»

Кейбір жанкүйерлер тіпті төрешілерге ақша төленгенін тұспалдап, турнир ұйымдастырушыларының тәуелсіздігіне күмән келтірген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.