Сәкен Бибосынов ӘЧ-2025 жартылай финалына жолдама алды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кезекті рет өз класын дәлелдеді.

Сәкен Бибосынов ӘЧ-2025 жартылай финалына жолдама алды (ВИДЕО)
olympic.kz

Жүйкені жұқартқан ширек финал

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Сәкен Бибосынов ширек финалда Замбия боксшысы Мвенго Мвалемен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек өте шиеленісті өтті екі боксшы да бір қадам да кейін шегінбей, қысыммен жұмыс істеді. Раундтар барысында бастама алма-кезек ауысып отырды. Шешуші сәттерде тәжірибе мен салқынқанды мінез өз сөзін айтты.

Соңында рингтегі басымдықты өз жағына аударған қазақстандық боксшы қазылар шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионының жолы

Сәкен Бибосынов – қазақстандық бокстың соңғы жылдардағы ең тұрақты әрі жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатқан спортшыларының бірі. Оның басты жетістіктері:

  • Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері;
  • 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.