Қазақстанның атақты балуаны байрақты турнирдің финалында қырғызстандықты ойсырата жеңді
Қазақстан әйелдер күресінің көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарды.
Спортты дамыту дирекциясы
Финалдағы айқын басымдық
Бақбергенова 72 кг салмақ дәрежесінің финалыда қырғызстандық Нұрзат Нұртаевамен белдесті. Ол қарсыласын толық бақылауда ұстап, кездесуді 14:3 есебімен аяқтады. Бұл нәтиже қазақстандық балуанның турнир бойы жоғары қарқынмен күрескенін тағы бір дәлелдеді.
Жәмила финалға дейін бірнеше мықты қарсыласты артта қалдырды. Олар:
Топтық кезең (В тобы):
- Польша спортшысы Виктория Чолуй — 4:3
- Түркия өкілі Бусе Джавушоглу Тосун — 6:1
Жартылай финал:
- Үндістандық Дикша Малик — 10:0
Бақбергенованың жетістіктері
Еске сала кетейік, Жәмила Бақбергенова — әлемдік деңгейде нәтижелі өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі балуан. Ол әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азияның төрт дүркін чемпионы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet