ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Странджа кубогы-2026: алтын жүлдеге алты қазақстандық таласпақ

"Кіші әлем чемпионатының" финалдық бәсекесі 17:00-де басталады.

Странджа кубогы-2026: алтын жүлдеге алты қазақстандық таласпақ
Элина Базарова. Фото: ҚБФ

Бүгін, 1 наурыз күні, Софияда (Болгария) бокстан халықаралық "Странджа кубогы" турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді.

Жарыстың алтын жүлдесі үшін Қазақстанның алты өкілі шаршы алаңға шығады. Барлық жекпе-жектер күндізгі сессия аясында өтеді, оның басталуы Астана уақытымен 17:00-ге жоспарланған.

1 наурыз күні "Странджа кубогы" финалында өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың жекпе-жектер тізімі:

Күндізгі сессия (17:00)

  • 2-жұп. 54 кг. Әйелдер. Элина Базарова — Лорен Макки (Англия)
  • 5-жұп. 65 кг. Әйелдер. Лаура Есенкелді — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 8-жұп. 80 кг. Әйелдер. Надежда Рябец — Ярен Дузтас (Түркия)
  • 9-жұп. 80+ кг. Әйелдер. Валерия Аксенова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
  • 11-жұп. 50 кг. Ерлер. Даниял Сәбит — Билалхабаши Назаров (Әзербайжан)
  • 15-жұп. 70 кг. Ерлер. Фарух Тоқтасынов — Лавант Броунли (АҚШ)

Айта кетейік, "Странджа кубогы" турнирі "кіші әлем чемпионаты" деп те аталады және Еуропадағы ең көне бокс жарысы саналады. 2026 жылы бұл турнир 77-рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы додаға Қазақстаннан 39 боксшы қатысқан болатын, алайда олардың тек алтауы ғана финалға жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.