Рейтингтік додада қазақстандық спортшылар үш алтын жүлде жеңіп алды.
Қазақстанның әйелдер күрес құрамасы Албанияның Тирана қаласында өткен рейтингтік турнирде медальдық есепте бірінші орын алды.
Қазақстандық спортшылар үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар:
Ал Нилуфар Раимова (57 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасындағы медальдық есепте екінші орынға екі алтын, екі күміс және бір қола медаль алған Ресей құрамасы орналасты. Үздік үштікті бір алтын, екі күміс және бір қола медаль еншілеген Қырғызстан құрамасы түйіндеді. Сондай-ақ алғашқы бестікке Украина (бір алтын, бір күміс және бір қола медаль) мен АҚШ (бір алтын және бес қола медаль) құрамалары кірді.