Жартылай орта салмақтағы экс-чемпион UFC 275-тің негізгі хедлайнеры болмақ.
Жартылай орта салмақтағы үздік файтерлер — австралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) мен бразилиялық Карлос Пратес (23-7) арасындағы жекпе-жекті UFC ресми түрде жариялады.
Промоушеннің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маддалена мен Пратес 3 мамыр күні Австралияның Перт қаласында өтетін UFC Fight Night 275 турнирінің басты айқасында октагонға шығады. Австралиялық файтер дивизион рейтингінде бірінші орында тұрса, оның қарсыласы бесінші сатыда орналасқан. Ал чемпиондық белбеу ресейлік Ислам Махачевке (28-1) тиесілі.
Еске салсақ, жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) та өнер көрсетеді. "Номад" UFC-де жеті жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясына ие болып, чемпиондық айқасқа үміткер атанған еді. Алайда ирландиялық Иэн Гэрримен (17-1) өткен кездесуден кейін Рахмонов тізе жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шығып, рейтингтен алынып тасталды. Шавкаттың октагонға оралуы 9-10 айдан кейін күтілуде.