UFC-дің ресейлік файтері Арман Царукян АҚШ-та өткен RAF 06 турнирінде даулы жағдайға тап болды.
Турнир аясында Царукян еркін күрес ережесі бойынша америкалық Джорджио Пулласпен белдесті. Кездесу Арманның 5:3 есебімен жеңісімен аяқталғанымен белдесу біткен соң ол қарсыласын қайтадан құлатып, жұдырықпен бірнеше рет соққы жасады.
Осы әрекеттен кейін екі тараптың командалары жаппай төбелес басталып кетті. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Пуллас белдесу барысында Царукянды сөзбен арандатып, тіпті оған шапалақ та берген болуы мүмкін.
Айта кетейік, Арман Царукян UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде рейтингте екінші орында тұр және чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке негізгі үміткерлердің бірі саналады.