Қазақстандық қарсыласымен көз арбасты. Енді "қадай" ма? (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

АҚШ жеріндегі шапалақ шоу ертең өтеді. Зәкір Найманбаев америкалық Уэс Менаға қарсы шығады. 

Қазақстандық қарсыласымен көз арбасты. Енді "қадай" ма? (ВИДЕО)
sportilinet.kz

Қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев АҚШ-та өтетін Power Slap 18 турнирі алдында қарсыласы — америкалық Уэс Менамен көз арбасты. 

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді

Шапалақ шоу аясындағы екі спортшының жекпе-жегі Американың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтеді.

Қазіргі рейтинг бойынша:

  • Зәкір Найманбаев – ауыр салмақта 6-орында,
  • Уэс Мена – 4-орында тұр.

Найманбаевтың соңғы жекпе-жегі

Қазақстандық спортшы Power Slap лигасындағы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айында өткізді. Ол кездесуде Найманбаев төрешілердің бірауыздан  шешімімен рейтинг көшбасшысы Дориан Переске жол берген еді.

Ал Уэс Мена соңғы рет 2025 жылдың 24 қазанында Абу-Дабиде өткен Power Slap 16 турнирінде өнер көрсетті. Сол жекпе-жекте ол америкалық Дариус Мата-Варонға жеңіліп қалды.

Power Slap туралы

Power Slap — пощёчина бойынша өтетін әлемдегі алғашқы ресми санкцияланған лига. Оның негізін қалаушы әрі иесі — UFC президенті Дана Уайт.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір