Қазақстандық дзюдошы жарқын жеңіспен беделді турнирдің ширек финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Аман Бақытжан Австрияда өтіп жатқан Grand Prix турнирінде сәтті өнер көрсетіп, 1/4 финалға жолдама алды. 

Қазақстандық дзюдошы жарқын жеңіспен беделді турнирдің ширек финалына шықты
instagram/@janbur1n

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз алғашқы айналымда турнир қожайыны, австриялық Ян Орникпен кездесті. Бұл белдесуде Аман айқын басымдық танытты. Алдымен қарсыласын "юко" әдісімен бағалатып, кейін есеп айырмасын "вазари" ұпайымен ұлғайтты. Көп ұзамай қазақстандық спортшы "осаэкоми" әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Екінші белдесу Аман үшін анағұрлым тартысты өтті. Бұл жолы оның қарсыласы бразилиялық Роджер Перейра болды. Қарсыласы бір сәтте "осаэкомиден" босап шыққанымен кездесуді соңына дейін жеткізе алмады. Нәтижесінде Аман Бақытжан тағы да жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама иеленді.

Осылайша қазақстандық дзюдошы Австриядағы ірі халықаралық турнирдің үздік сегіздігіне еніп отыр. Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін татамиге қайта шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір