Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионын тізе бүктірді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Шерзод Давлатов Линц қаласында өтіп жатқан Әлемдік Гран-при турнирінде жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионын тізе бүктірді
ulyssport.kz

Линцтегі сенсация

Дзюдодан Линцте өтіп жатқан Әлемдік Гран-при кезеңінде Шерзод Давлатов пен жапониялық Рецу Мацунага арасында жартылай финал жолдамасы үшін тартысты белдесу өтті.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қос дзюдошының текетіресінде қазақстандық басым түсті. Белдесу барысында Давлатов шабуылдарының бірінде қарсыласын "вазари" ұпайына лақтырып, маңызды жеңіске жетті.

Қарсыласы кім еді

Шерзод Давлатов жеңген Рецу Мацунага — 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы. Жапониялық балуанды жеңу қазақстандық спортшының халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Шерзод Давлатов турнир барысында тағы екі қарсыласын құлатты. Алғашқы белдесулерінде словениялық Давид Старкелді және израильдік Ариэль Шульманды жеңіп, ширек финалға дейін сүрінбей жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір