Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде тәжікстандықты айқын басымдықпен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Бейбарыс Әшірбай Бангкокте өтіп жатқан Futures Cup турнирін сенімді жеңіспен бастады. 

Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде тәжікстандықты айқын басымдықпен жеңді
sportilinet.kz

Таиландта World Boxing ұйымының қолдауымен Futures Cup (U19) халықаралық турнирі басталды. Байрақты бәсекеде Бейбарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Оның қарсыласы тәжікстандық Мұхаммад Маммадалиев болды. Кездесу барысында қазақстандық былғары қолғап шебері рингте өте сауатты қимылдап, жоғары техникалық деңгейін көрсетті. Бұрыштарды шебер қиып, шабуылды дер кезінде үдетіп отырды. Сонымен қатар қарсыласының тура соққыларынан сәтті жалтарып, аяқпен қозғалыстағы шапшаңдығымен және қарымта шабуылдарымен көзге түсті.

Қазақстандық боксшының өнері төрешілер бағалауынан да анық көрінді. Үш раундқа арналған жазбаларда әр бөлікте 10:8 есебімен алда болды.

Кездесудің үшінші раундында тәжікстандық боксшы айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша Бейбарыс қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, турнирдегі алғашқы белесін сәтті еңсерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір