Отандасымыз жуырда Австрияда өткен ірі турнирде жүлделі орынға іліге алмады.
Қазақстанның үздік дзюдошыларының бірі Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі бірінші орнынан айырылды. Бұл өзгеріске 2026 жылы қатысқан алғашқы ірі турнирдегі көрсеткіші түрткі болды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми мәліметіне сәйкес, Австрияның Линц қаласында өткен әлемдік Гран-при кезеңіне дейін қазақстандық спортшы өз салмағында әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған.
Алайда бұл турнирде Әбужақынова тек бесінші орынмен шектелді:
Осындай нәтижеден кейін әлемдік рейтингтің бірінші орнына франциялық Ширин Букли көтерілді. Қызығы, француз спортшысы Австриядағы турнирге қатысқан жоқ.
Осылайша, Әбужақынова қазір 4524 ұпаймен екінші орында.
Линцтегі жарыста Қазақстан құрамасы бір ғана алтын медаль жеңіп алды. Оны 81 келі салмақта Әділет Алмат иеленді.
Абиба Әбужақынова 1997 жылдың 4 шілдесінде Ташкент қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алып, Атырау облысының атынан өнер көрсетеді.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.