Тағы да нокаут. Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде ешкімге дес берер емес (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бангкокте өтіп жатқан Futures Cup 2026 U-19 халықаралық турнирінде Арман Мірсәбит кезекті қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңді.

Тағы да нокаут. Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде ешкімге дес берер емес (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Түркімен боксшысын бірінші раундта тоқтатты

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы 1/8 финалда түркіменстандық Абдырахим Овезгулиевпен жұдырықтасты.

Арман алғашқы секундтардан-ақ басымдықты қолына алып, қарсыласына үзіліссіз соққы бағыттады. Соның нәтижесінде Овезгулиев бірінші раундтың өзінде үш мәрте нокдаунға түсті. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті Арман Мірсәбитке берді.

Айта кетейік, бұған дейін Мірсәбит турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңген. Сол жолы грузиялық Шалва Беридзе тойтарыс көрсете алмады. 

Қазақстан құрамасының өзге нәтижелері қандай болды?

Бүгін таңертең Қазақстан құрамасы сапында тағы бірнеше боксшы шаршы алаңға шықты.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Едіге Нұрғожа Түрікменстан боксшысы Абдырасул Арслановқа төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.

Ал 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Бибарыс Әшірбай Иордания өкілін төрт рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Сондай-ақ суперауыр салмақтағы Владислав Саможонов та қарсыласынан басым түсіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір