Жас қазақ боксшысы Таиландтағы турнирде бір минутқа жетпей жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бибарыс Әшірбай Futures Cup 2026 U-19 турнирінде жарқын жеңіске жетті. 

Жас қазақ боксшысы Таиландтағы турнирде бір минутқа жетпей жеңіске жетті (ВИДЕО)
kursiv.kz

Қарсыласын уақытынан бұрын тоқтатты

Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында оңтүстіккореялық Джунхю Юмен сынға түсті. Жекпе-жек басталған сәттен қазақстандық боксшы басымдықты өз қолына алды. Тіпті алғашқы минуттарда-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, төрешіні есеп ашуға мәжбүрледі. Нәтижесінде айқас мерзімінен бұрын тоқтатылып, Әшірбай техникалық нокаутпен жеңімпаз атанды.

Осылайша қазақ боксшысы беделді халықаралық жарыстың ширек финалына шықты.

Айта кету керек, Бибарыс Әшірбай алғашқы кезеңдердің бірінде Тәжікстан өкілі Мұхаммад Мамадалиевтен басым түссе, кейін иорданиялық Анас Абсоулды нокаутпен жеңді.

Қазақстан құрамасының қоржынында тағы бірнеше жеңіс бар

Еске салсақ, осы жарыстың таңғы сессиясында Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жақсы нәтиже көрсетті. Ақнұр Тұрсынғали италиялық қарсыласын жігерлі айқаста жеңіп, ширек финалға өтті. Сондай-ақ, Жасмин Абрамян жапониялық Аяно Мочиден басым түсті.

Futures Cup 2026 U-19 жастар арасындағы халықаралық турнирі 15 наурызда мәресіне жетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір