ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақ қызы тарихи турнирде нокдаунмен сенімді жеңіске жетті (ВИДЕО)

Айсұлу Мұхит Таиланд астанасы Бангкокте World Boxing ұйымының Futures Cup U-19 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. 

Қазақ қызы тарихи турнирде нокдаунмен сенімді жеңіске жетті (ВИДЕО)
el.kz

Австралиялық қарсыласы тізе бүкті

Айсұлу Мұхит 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда австралиялық Тиана Рьюге қарсылас атанды. Отандасымыз рингте сенімді қимылдап, барлық тұсынан басым болды. Тіпті төрешіні есеп ашуға мәжбүр етті. Үш раунд қорытындысында Айсұлу Мұхит жеңіске жетті. 

Осылайша қазақстандық боксшы ширек финалға шығып, жүлде үшін күресті жалғастырады.

Futures Cup U-19 турнирі тарихта алғаш рет өтіп жатыр

Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарыс World Boxing аясында өтіп жатқан тарихи дода саналады.

Турнирде Қазақстан атынан ұлдар және қыздар құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Халықаралық бәсеке 15 наурызға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.