Қазақстан Азия чемпионатында тек 9-орыннан көрінді
Бішкектегі құрлық біріншілігінде отандастарымыз жеті медаль жеңіп алды.
olympic.kz
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрестен өткен Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасы медальдік есепте 9-орынға тұрақтады.
Қазақстанның нәтижесі: 7 медаль
Құрлық додасында қазақстандық балуандар жалпы 7 медаль жеңіп алды:
- 1 алтын
- 6 қола
Жалғыз алтын жүлдені грек-рим күресінен Алматбек Аманбек (72 кг) еншіледі.
Үздік үштік
Азия чемпионатының көшбасшылары:
- Иран — 18 медаль (6 алтын, 6 күміс, 6 қола)
- Жапония — 15 медаль (6-5-4)
- Қытай — 14 медаль (5-1-8)
Ал үздік ондықта Қазақстаннан жоғары тұрған құрамалар:
- Қырғызстан — 12 медаль (5-1-6)
- Үндістан — 17 медаль (2-6-9)
- Өзбекстан — 11 медаль (2-2-7)
- Моңғолия — 8 медаль (1-3-4)
- Солтүстік Корея — 4 медаль (1-3-0)
Айта кетейік, Азия чемпионаты биыл Бішкек қаласында ұйымдастырылды. Байрақты бәсеке еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі бойынша өтті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet