Рахат Сейітжан титулдық айқаста қарсыласқа есе жіберді
Қазақстандық боксшы ұзақ үзілістен кейінгі жекпе-жекте қарсыласына жол берді.
sport12.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рахат Сейітжан Ресейдің Уфа қаласында өткен IBA Pro 17 турнирінде өнер көрсетіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болды.
Сейітжан жартылай орта салмақта WBA Asia East чемпионы атағы үшін жергілікті боксшы Данис Габдрафиковпен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық 10 раундқа созылып, тартысты өтті.
Соның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті ресейлік спортшыға берді:
- 97-93
- 99-91
- 98-92
Данис Габдрафиков бұл жекпе-жекте алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, әзірге жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді.
Айта кетейік, Сейтжан соңғы рет рингке 2022 жылы шыққан болатын. Уфадағы кездесу оның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet