Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулға қатысты үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазақ стилі" Бентлидің мәлімдемесін сынға алды. 

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулға қатысты үн қатты
inform.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің мәлімдемесіне жауап берді.

Даудың себебі

Бұған дейін уақытша чемпиондық белбеу иегері Дензел Бентли WBO ұйымына үндеу жасап, Әлімханұлын чемпиондық атақтан айыруды ұсынған еді. Оның пікірінше, толыққанды чемпион атағы өзіне берілуі тиіс.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы допингке байланысты дисквалификация мерзімін өтеп жатыр.

Қазақстандық боксшы қарсыласының талабын негізсіз деп есептейді және оны ашық сынға алды:

"Қазір ол – менің ресми қарсыласым. Бірақ ол титулды жекпе-жексіз алғысы келеді. Енді жылап, бәрі оны қолдауы керек деп отыр. Неге? Себебі ол менімен жұдырықтасудан қорқады", – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Бентлидің жетістігі

Дензел Бентли уақытша WBO чемпионы атағын венесуэлалық Эндри Сааведраны жеңу арқылы иеленді.

WBO шешіміне сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация мерзімі аяқталған соң Бентлиге қарсы титулды міндетті түрде қорғауы тиіс.