Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогының финалына шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Германия өкілін сенімді жеңіп, алтынға бір қадам қалды. 

Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогының финалына шықты (ВИДЕО)
sportilinet.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде финалға жолдама алды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айбарұлы жартылай финалда Германия боксшысы Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті — 5:0.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасынан тағы бір боксшы – Диас Молжігітов (80 кг) та жартылай финалда өнер көрсетеді.

World Boxing Әлем кубогының кезеңі Бразилияда өтіп жатыр. Бұл додада әлемнің үздік боксшылары жиналып, халықаралық рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін бақ сынауда.