Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сұлатуға уәде берді

Сарапшы, спорт журналисі

WBO чемпионы мен уақытша белбеу иегері арасындағы текетірес күшейіп барады.

Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сұлатуға уәде берді
NUR.KZ

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Дензел Бентли қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен болуы мүмкін жекпе-жек туралы батыл мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшыны сынға алып, оның титулды жекпе-жексіз алғысы келетінін айтқан еді.

"Ол менің ресми қарсыласым. Бірақ титулды рингке шықпай алғысы келеді. Менімен жұдырықтасудан қорқады", – деген болатын қазақстандық боксшы.

Бұл сөзге жауап ретінде Дензел Бентли қарсыласын қатаң сынға алып, өз жоспарын ашық айтты:

"Оған қайтадан боксқа шығуға рұқсат берілген сәтте, мен оны нокаутқа түсіремін. Ол өзі сөйлей береді, бірақ рингке шығуға мүмкіндігі жоқ. Ал менімен жұдырықтасудан қорқамын деп ойлайды", – деді британиялық спортшы.

Дисквалификация мәселесі

Қазір Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан мельдоний табылғаннан кейін дисквалификация мерзімін өтеп жатыр.

WBO шешіміне сәйкес, қазақстандық боксшы рингке оралғаннан кейін Дензел Бентлиге қарсы титулын қорғауға міндетті.